Полиетилентерефталаттан преформаларды өндіру. Көмірқышқыл газын (CO2) өндіру

Компания туралы

SDT Group – ПЭТ-преформаларының өндірісі бойынша Қазақстандағы ең ірі компания.

1997 жыл – «Soft Drink Technology» (SDT Group) компаниясының әрекетінің басталуы. Компанияның мақсаты полиэтилентерефталаттан (ПЭТ) тамақ өнеркәсібіне арналған преформалардың кең таңдауын өндіруді ұйымдастыру болды.

SDT Group жұмысында тек қана заманауи технологиялар мен қодырғыларды пайдаланады. Сол себепті біз өзіміздің жеке жоғары білікті мамандарымызды дайындауға үлкен көңіл бөлеміз. Мысал келтіретін болсақ, ПЭТ-преформаларын өндіретін цехтың жұмысын атқаратын мен ұйымдастыратын мамандарды дайындау үшін компанияның бір топ қызметкерлері Германияға оқуға жіберілді. Ол аяқталғаннан кейін, дайындығы ең жақсы мамандарымыз Люкесмбург қаласындағы Husky компаниясының оқу орталығында өз оқуларын одан ары жалғастырды. Оғсн қоса, өнеркәсіп өз жұмысын енді ғана бастап келе жақан уақытта Husky компаниясының қызмет-менеджерлері тұрақты жұмысқа шақырылған болатын. Қазіргі таңда олар Шымкент қаласындағы SDT зауытының технологтары болып жұмыс жасауда.  Қазақстандық SDT өнеркәсібінде жоғарғы санатты мамандардың болуы бізге өндірістің жоғарғы дәрежесін мен сапа көрсеткіштерінің тұрақты өсуінқолжетімді етеді.

SDT Group компаниясы  «Husky» халықаралық машина жасайтын концерннің бірінші санатты өндірістік құрылғыларымен жабдықталған. Аталған құрылғылар ПЭТ-преформаларын тұрақты түрде, түс гаммалары мен преформа түрлерін жылдам ауыстырып, ең жоғарғы сапа дәрежесімен өндіру мүмкіндігін береді.

Біздің өндірісімізде   «Нusky» коцернінің технологиялық құрылғыларының толық жабық циклы орнатылған, ол ПЭТ-преформаларының қалдықсыз, жоғары технологиялық және экологиялық таза өндірісін қамтамасыз етеді. ПЭТ-преформаларын өндіру үшін біз Орталық, Оңтустік-Шығыс Азияны және Еуропаның ірі компанияларымен жеткізілетін, түйіршіктелген полиэтилентерефталатын жеткізуге әлемнің жетекші сусын өндіретін компанияларымен сертификатталған, тек бірінші сұрыптағы шикізаттарды пайдаланамыз.  SDT Group зауыттарында ақаулардың өте аз орын алуы және біздің клиенттеріміздің өндірістерінде үріліп шығарылатын бөтелеклердің тұрақты жоғарғы сапасы көпшілік жағдайларда осы жоғарғы сапалы шикізатқа байланысты болады.

2002 жылдың басында Компанияда сапаны бақылау жүйесін дамыту Жобасы басталған болатын. Жобаның басты мақсаты өндіріс сапасынын бақылау жүйесін ұйымдастыру болды. Жобаның құрылымы компанияның әкімшілігінен және компания бөлімшелерінің сарапшыларынан құралды.

Сапаны бақылау жүйесін дамыту жобасы біздің компания үшін сән мақтанышы емес, ол біз үшін өндірісті ұйымдастырудың негізі болып табылады. SDT Group саясаты тек өндіріс барысындағы ақауларды анықтауға ғана бағытталмаған, сонымен қатар ол болашақта ақаулардың пайда болуының төмен мүмкіндігін қолжетімді еткізетін шараларды қолдауға бағытталған. Осы мақсатпен сапаны бақылау өндірісіміздің барлық сатыларында қалыпқа келтіру мен ескерту шараларының қолданысымен орындалады.

Негізі қаланған күннен бастап біздің компания өз алдына жоғары халықаралық сапа стандарттарына сай болу мақсатын қойды. Соның нәтижесінде қазіргі таңда SDT Group компаниясы ПЭТ-преформаларын ISO 9001:2000 халықаралық сапа стандартына сәйкес өндіретін Қазақстандағы жалғыз өндіруші. Жұмысты аталған стандарттар бойынша атқару – өнім сапасының кепілдігі. Компания өзінің ISO 9001:2000 сертификатын сапаны бақылау жүйелерін сертификаттау саласындағы әлемдік көшбасшы (СМК) TUV CERT уәкілдерімен өткізілген тәуелсіз тексерістен кейін, 2003 жылдың мамырында алды. Аталған сертификатты алу – біздің ПЭТ-преформаларымыздың сапсының мойындалғандығының дәлелі. Бірақ сол мезетте осындай жоғары дәрежелі талаптар компанияның өндірістік процесстерін ұйымдастыруы мен өнімдер мен қызметтердің сапасының тұрақтылығын қамтамасыз етуіне жаңа, әлдеқайда қатаң талаптарды міндеттейді. SDT Group халықаралық және республикалық көрмелердің көптеген алтын медальдары мен дипломдарының иегері болып табылады.

Жоғарғы санатты қондырғыларды қолдану, тек қана сапалы шикізатты пайдалану және өндірісті тиімді түрде ұйымдастыру біздің клиенттерімізге ПЭТ-преформаларының сапасын және олардың түрлі үрлегіш қондырғыларымен пайдаланылуын кепілдік етуге мүмкіндік береді.

телефон
8 (7252) 439111, 439106.
факс Ішкі .133
Email:
sdt@sdt.kz
Мекен-жай
Шымкент қ., Қапал батыр көш., «Оңтүстік» индустриалдық аймағы 39/17.